«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӨРЕДЕ – ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, облыстық полиция департаменті музейінің көшпелі көрмесі ашылды. Альбомдар, кітаптар, планшеттер, баннерлер – мыңдаған фотосуреттер, коллаж бен мұрағаттық мақалалар түрінде жинақталған материалдар музейдің кең залына қойылды.

– Солтүстік Қазақстан тарихының жарқын парақтарын батыр-милиционерлер жазып кетті, олардың көп­шілігі қызметтік міндеттерін адал ат­қара отыра, өмірлерін қиды. Бүгінде олардың есімдерімен көшелер, аллеялар аталып, есімдері жазыл­ған мемориалдар мен ескерткіш тақталар ашылды. Музейге келген­дер фотосуреттер, түпнұсқадағы құ­жаттар, наградалар, қару-жарақ пен жеке заттар сияқты сирек кезде­сетін экспонаттарды ғана көріп қой­май, сон­дай-ақ резонанс тудыр­ған қыл­мыс­тардың нақты қалай ашыл­ға­нын, біздің қызметкерлері­міз­дің көр­сеткен ерліктері жайлы факті­лер­ді біле алады. Көрме туған өлке мен құқық қорғау тақырыбын­дағы тарих­қа қызығушылық таныта­тын­дардың санын арттыратынына се­німдіміз, – деді облыстық полиция департамен­тінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов көрмені ашу салтанатында. Полиция департа­менті мәдени орталығының ән ша­шуы көрмеге ерекше реңк берді, со­нымен қатар облыстық тарихи-өл­кетану музейінің бірнеше қызмет­керіне Алғыс хаттар табыс етілді.

Облыстық полиция департаменті музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен қор сақтаушысы Нина Бенграфтың айтуынша, көрмеге 6 планшет, 4 баннер, 19 кітап, жур­нал­дар, формулярлар, альбомдар, бук­лет­тер, пікірлер жазылған, сонымен қатар ішкі істер органдары ардагер­лері және облыс полициясы туралы кітаптар қойылды, 18 ғасырдан бү­гінгі күнге дейінгі аралықтағы өңір по­лицейлерінің тарихы туралы мате­риалдар орналастырылған. Облыс­тық полицияның көшпелі көрмесі музей қабырғасында 23 маусым – Қазақстан полициясының күнін атап өткенге дейін жұмыс істейді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp