«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

140 солтүстікқазақстандық жас түлек «Алтын белгіден» үмітті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 3387 шәкірт мектеп бітіреді. Оның ішінде 203-і — үздік аттестат алғалы жүр, 140-ы — «Алтын белгіден» үмітті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтың айтуынша, өңірде 74,3 мыңға жуық оқушы бар. Соның 3 387-сі — 11 сыныпты, 6 214-і – 9 сыныпты аяқтамақ. Екі сыныптың түлектері 27 мамыр мен 10 маусым аралығында мемлекеттік емтихан тапсырады. Қалған сыныптар емтиханнан босатылған.

-Биыл оқушылар 5 емтихан тапсырады. 11 — сынып бітіретіндер биыл алғаш рет Қазақстан тарихы пәнін билет алу бойынша ауызша тапсырады. Егер де оқушы емтихан барысында нашар баға алып қалса, онда мектептің бекіткен күні қайталама қорытынды аттестациядан өтеді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға түлектердің 74,3 пайызы , яғни 2 517 оқушы ниет білдірген. Бұл былтырғыдан шамамен 2 пайызға артық,- деді Нәзір Жәшібеков.

Басқарма басшысының айтуынша, балалар ҰБТ күні мен уақытын өздері таңдай алады. Сынақтан 2 рет өту мүмкіндігі беріледі. Соның жоғары көрсеткішімен грант байқауына қатыса алады. Жалпы өңірде ҰБТ өтетін 2 пункт бар. Олар Петропавлда және Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимкада орналасқан.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp