«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Арақ ішіп, рөлге отырған

Диас АЯҒАН

 dias.ayagan@mail.ru

“Құқықтық тәртіп” респуб­ликалық жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінде өңірдің тәр­тіп сақшылары 11 мас жүргізу­шіні ұстады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде 9 қарашада “Құқықтық тәр­тіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл күндері патрульдік және учаскелік полицейлердің, басқа да бөлімше қызметкерлерінің жұмыстары көбейеді.

Екі күннің ішінде полицейлер мың­нан астам үйді, саяжайларды және иесіз тұрған ғимараттарды аралап шықты. Жалға берілетін 200-ге жуық баспана тексерілді. Профилакти­калық есепте тұрған 1330 адам, соның ішінде 164 тұрмысы нашар отбасы­мен әңгіме жүргізілді.

Полицейлер жол қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге де ерекше мән берді. Іс-шара аясында ең көп заң бұзушы­лық жаяу жүргіншілер тарапынан анықталды, екі күнде 180 дерек тір­келді. Жылдамдықты асырған 58 кө­лік жүргізушісі жазаланды. Тек соңғы тәулікте облыс жолдарында – 5, ал жалпы екі күнде 11 мас жүргізуші ұс­талды.

“Жол ережесінің сақталуын бақы­лау күшейтіледі. Аймақта ауа райы өзгеруде. Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден барлық ереже­лерді мүмкіндігінше қатаң сақтауды сұрайды. Сонымен қатар мал иелері де жануарларын бақылауы тиіс, әсі­ресе көлік қозғалысы көп жолдарда, теміржолдардың жанында еркін жа­йылымға жол бермеу қажет”, – дейді облыстық полиция департа­менті жер­гілікті полиция қызметі басқарма­сының бастығы Айдын Байматов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp