«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аялдамаға соғылған көлік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Жұмысшы кентін­де жеңіл көлік аялдамаға соғылып, төрт адам ауыр жарақаттанды.

Облыстық полиция департамен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты Жұмысшы кентін­дегі Панфилов көшесінде сағат 14.20 шамасында болған. ВАЗ-2108 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

“Көлікті 23 жастағы жігіт тізгінде­ген. Медициналық куәландыру оның спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті. Жол-көлік оқиғасына қатысты жинал­ған материал процессуалдық ше­шім қабылдау үшін Петропавл қа­лалық полиция басқармасының әкімшілік бөлімі­не берілді”, – деді баспасөз қызме­тін­дегілер.

Зардап шеккен 4 адамның үшеуі – кәмелет жасына толмаған бала. Олардың барлығын “Жедел жәрдем” қызметі облыс орталығындағы ем­деу мекемелеріне жеткізді. Облыс­тық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зар­дап шеккендердің бірі – 43 жас­тағы Петропавл тұрғыны. Әйелдің аяғы сынып, бас сүйегі зақымданған, миы шайқалған. Зардап ше­гуші қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. 7 жасар егіздер облыстық көпсалалы балалар ауру­ханасының жансақтау бөліміне түсті, олардың ішіне зақым келген. 12 жастағы баланың саны сынған, ол да жансақтау бөлімінде жатыр.

“Егіздер алдымен хирургия бөлімшесінде тексерілді, олардың қабырғаларына соққы тиіп, ішіне зақым келгені анықталғандықтан, жансақтау бөлімшесіне ауыстырылды. 12 жасар бала жа­рақат бөлімшесінде қаралды, оның сүйегі сынған, тізесінде үлкен жарақат бар, басына зақым келген. Жасөс­пірім жансақтау бөлімшесіне жатқы­зылды. Бұл балаға жедел түрде ота жасалып, сан сүйегіне металл құ­рылғы қойылды. Өйткені сүйегі сы­нып, сынықтары орнынан жылжып кеткен. Ота екі сағатқа жалғасты. Қалпына келуі үшін бірнеше ай керек”, – дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері Шыңғыс Нұрғалиев.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp