Петропавлда жолдарды жөндеуге бөлінген ақша ұрланған
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұрлау, пара беру және алу фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр
«СҚО әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасы» КММ, «Коммуналдық шаруашылық» МКК басшылары мен жол-құрылыс компаниясының басшыларына қатысты қылмыстық іс жүргізілуде. Ведомство өкілдері атап өткендей, олар Петропавл автожолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлап, жұмыстарды орындауға байланысты пара берді және алды деген күдікке ілінген.
— Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — делінген хабарламада.