«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құрылысшының қазасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 47 жастағы ер адам құрылыс алаңында жоғарыдан құлап кетіп, ауруханада алған жарақатта­рынан көз жұмды. Оқыс оқиға 5 жел­тоқсан күні болғанымен, ол тек 8 күн­нен кейін ғана көпшілікке жария бо­лып отыр. Қаза тапқан Қалел Мәде­новтің ағасы Еркебұланның айтуынша, кінәлілер жазадан құтылып кетуі мүмкін.

Облыс орталығындағы Чкалов – Уәлиханов – Мүсірепов – Назарбаев кө­шелерінің түйіскен тұсында 126 пәтерлі тұр­ғын үй салынып жатыр. Оқиға осы құ­рылыс алаңында сағат 15:30 шама­сында болған.

“Құрылыс алаңында қауіпсіздік техникасы сақталмаған. Тас қалаушының сатысы зауытта шыға­рылған және сертификаттал­ған бо­луы тиіс. Ал менің інім жұмыс істеген саты әбден тот басқан. Құлап бара жатып, темір қауғадан ұстап қалмақ болады, алайда ол басына түскен. Дә­рігерлер үш рет ота жаса­ды, бірақ өмі­ріне араша түсе алмады. “Құрылыс-Сер­вис-СК” жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігінің өкілдері көңіл де айтпа­ды”, – дейді Еркебұ­лан Мәденов.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы оқи­ғаға қатысты түсінік берді.

“Қайтыс болған ер адам плита жабындысының үстіне түскен. “Құ­рылыс-Сервис-СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры инспекцияға жазатайым оқиға туралы хабарлама берді. Қайтыс болған Мәденов пен “Құрылыс-Сервис-СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында азаматтық-құқықтық си­пат­тағы шарт жасалғандықтан, бұл құ­қықтық қатынастар Азаматтық ко­декс аясында реттеледі. Бұл жаза­тайым оқиға Еңбек кодексінде көз­делген ар­найы тергеуге жатпайды”, – деп жа­уап берді мемлекеттік еңбек инспек­торлары. Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметін­ше, істің мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізі­луде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабыл­данбақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp