Жеті шейіт
Шамамен 1830 жылдары қазіргі Айыртау ауданындағы Шолақөзек ауылынан екі шақырымдай қашықтағы Түйебас деген жерде орын алған жеті шейіт (шаһид) оқиғасы жайлы білетіндер аз. Ол жерде жұрт “жеті шейіт” деп атап кеткен үлкен төре қорымы бар. Бұл оқиға Кенесары Қасымұлы көтерілісінен бұрынырақ, яғни Саржан Қасымұлының көтерілісінің тұсында болған. Тарихқа көз салсақ, Сырым Датұлы көтерілісінен кейінгі ірі …