«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

АЗИЯ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН НҰРСҰЛТАН

Аманжол НҰРТАЗИН

 aman_nurtazin@mail.ru

Тайланд астанасы Бангкок қаласында кикбоксингтен Азия біріншілігі өткені мәлім. Сарықұр­лықтың үздік спортшылары бас қосқан додада жалпыкомандалық есепте ел құрамасы жеңіс тұғырына көтерілсе, екінші орын жарысты ұйымдастырушы мемлекеттің еншісіне жазылды. Ал өзбекстандық кикбоксшылар қола жүлдегер атанды. Дүбірлі аламанда солтүстікқазақстандық былғары қолғап шеберлері Отанымыздың көк байрағын көкке желбіретіп, медаль тағынды. Қы­зылжарлық Нұрсұлтан Жақыпов 86 килограмм салмақ дәрежесінде барлық жекпе-жектерінде қар­сыластарының алдын орап, алтын алқаны еншілесе, 54 килограмға дейінгі салмақта Данияр Жа­расов үшінші орынды місе тұтты. Біз чемпионды әңгімеге тартқан едік.

– Нұрсұлтан, биылғы жыл сіз үшін сәтті өтті. Азамат Нұрпейі­сов­ті еске алуға арналған ел ку­богында жеңіс тұғырына көте­ріліп, Азия біріншілігіне жолдама алғаныңыз белгілі. Спорттың бұл түріне қалай келдіңіз?

– Мектеп қабырғасында оқып жүргенде бірнеше спорт түрімен ай­налыстым. Алғашында бокс, каратэ үйірмелеріне барып жүрдім. Жасым 14-ке келгенде ата-анам кикбок­сингпен айналысып, қабілетіңді сы­нап көр деді. Мен олардың сөзін жер­ге тастамай, Виктор Славный есімді білікті бапкердің қарамағында жат­тыға бастадым. Нәтижесінде қала­лық және облыстық жарыстарда төбе көрсеттім. Әрине, жергілікті дең­гейдегі додаларда жүлдегер атанған соң, республикалық, халықаралық турнирлерге қатыстым.

– Қазіргі күні спорттық манса­быңыздағы жеткен жетістіктеріңіз ауыз толтырып айтарлықтай. Оқырмандарымызға кикбокста бағындырған белестеріңіз тура­лы айтып өтсеңіз.

– Азия біріншілігіне дейін бірқа­тар жарыстарда топ жардым. Бүгін­дері бес мәрте ел чемпионы атанып, тоғыз рет Қазақстан кубогын енші­ледім. Сондай-ақ Өзбекстан мен Ресейде өтетін жекпе-жектерге жиі қа­тысып жүрмін. Тайландқа дейін ха­лықаралық аренада топ жарған соң­ғы жарысым – Әлем кубогы. Ол 2014 жылы Венгрияда өтті. Сол аламанда жеңіс тұғырына көтерілдім. Міне, жуырда сарықұрлықтың үздік спорт­шылары бас қосқан додада алтын медаль еншіледім.

– Азия біріншілігіне қалай дайындалдыңыз?

– Баршаңызға мәлім, Азия чем­пио­натына қатысу жолдамасын Қа­зақ­стан кубогында жеңіп алдым. Со­дан соң бапкерім Әділ Нұржауыпов­пен бірге дайындыққа кірістік. Әр соққы сериясын бүге-шүгесіне дейін талдап, қажырлы еңбек еттік деуге бо­лады. Жаттықтырушым білікті бап­кер, елімізге танылған кикбосшы Рус­лан Есеналинді шақыртты. Ол бар-білген тәжірибесімен бөлісті. Әділ Нұржауыпов пен Руслан Есеналинге алғысым шексіз. Бұл спортта салма­ғы бар азаматтардың арқасында жаңа шыңды бағындырдым. Ендігі мақсатым – Әлем чемпионаты. Бұл жарыс келер жылы Лиссабон қала­сында өтеді.

Азия чемпионаты қан­дай деңгейде өтті?

– Тайландтағы жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Олар бізді жылы қарсы алды. Бәрі ойда­ғыдай болды деуге болады. Мен бұл сында 3 жекпе-жек өткіздім. Бірінші кездесуімде Ирак елінің спортшысы қарсылас атанды. Оны ұтқан соң, ирандық, финалда үндістандық кик­боксшымен қолғап түйістірдім. Се­рия­лы соққылардың көмегімен екін­ші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жеттім. Бауырына дәл тиген жұды­рығым техникалық нокаутпен аяқ­талды.

– Білуімше, сіз аралас жекпе-жек түрлерінен өтетін жарыстарға қатысып жүрсіз. Ондағы көрсет­кен нәтижелеріңіз қандай?

– Иә, аралас жекпе-жекке де қызығушылығым бар. Бүгіндері панк­ратионмен де айналысып келемін. Бұл спорт түрінен жеткен жетістігім шамалы. Соңғы рет ел біріншілігінде үшінші орынды иелендім. Десе де, алдағы уақытта жаттығуларыма қар­қын қосып, бұдан да биік белестерді бағындыруға тырысамын. Бұдан бөлек, каратэні ұмыт қалдырмай­мын.

Әңгімелескен

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp