«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Татулықтың мекені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының жыл бойғы жұмысы қорытындыланып, бірқатар азамат марапатталды.

Ассамблея мүшелері – ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосып жүргені белгілі Марат Тасмағанбетов жиналғандарға өңір басшысының құттықтауын жеткізді.

Марапат алғандардың арасында Ләззат Жолмұқанова да бар. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры оқу ошағында бірнеше ұлт өкілі бір үйдің баласындай білім алып жатқанын айтты.

– Біздің мектебімізде 1820 оқушы оқиды. Биыл біраз жетістікке жеттік. 11 оқушымыз – “Алтын белгі” иегері атанды. Олардың барлығы өздері таңдаған мамандық бойынша жоғары оқу орындарына түсті, – дейді Ләззат Жолмұқанова.

Сонымен қатар Резеда Баймұханбетоваға Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық “Бірлік” алтын медалі табысталды. Клиникалық психолог еліміздің барлық өңірлерін аралап, дәріс өткізген. Ұлты татар болғанымен мемлекеттік тілді еркін меңгерген ол дәрістерін қазақша өткізуді дәстүрге айналдырған.

– Менің тренингтеріме түрлі этностың өкілі қатысады. Оларға қазақ деген халықтың артықшылықтарын айтудан жалыққан емеспін. Қазіргідей әлем толқып тұрған заманда біздің еліміз татулық, бірлікті көздің қарашығындай сақтауы керек. Ынтымақ қана ырысқа апарады. Алдағы уақытта да қазақ елінің бірлігі жарасқан ел болуына өз үлесімді қосқым келеді, – дейді Резеда Баймұханбетова.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp