Ат-шанаға соғылған
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, “Жезқазған – Петропавл” республикалық автожолының 840 шақырымында, Есіл ауданындағы Николаевка ауылына 5 километр жетпей “Chevrolet Nexia” автокөлігінің жүргізушісі ат жегілген шанаға соғылған. Ат-шананың иесі жаяу қасында келе жатқан. Қатты соққыдан ауыл тұрғыны, 61 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Медициналық куәландыру “Chevrolet Nexia” автокөлігінің жүргізушісінің спирттік …