«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ

Рабиға Ералы

 6545465@soltustikkaz.kz

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданындағы өздері қамқорлыққа алған Полудин балалар үйіне барып қайтты. Олар бүлдіршіндерге тәттілер сыйласа, балалар өз кезегінде меймандарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Іргесі 1965 жылы қаланған Полудино балалар үйінде бү­гінде 54 бүлдіршін тәрбиеле­нуде. Он сәбиді департамент ма­мандары қамқорлықтарына ал­ған. Қызметкерлер әр мереке сайын балаларды құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл-күй сый­лауды дәстүрге айналдырған. Түрлі сыйлықтар мен қажетті заттарын апарып, оларды қуантуға тырысады.

Бұл жолы департамент қызметкерлерінің бірі Бауыржан Мұстафин өзінің және отбасы­ның атынан балалар үйіне қа­быр­ға жиһазын сыйлады.

Балалар үйінің басшылығы тарапынан департамент қызмет­керлеріне көрсетіп жүрген қолдаулары үшін Алғыс хаттар табысталды. Балақайлар түрлі ке­йіпкерлердің костюмдерін киіп, ән айтып, би билеп, өнерлерін ор­таға салды. Шара соңында барлығы мерекелік дастарқанға жайғасты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp