ҚҰРЫЛЫС КЕШЕУІЛДЕМЕУІ КЕРЕК
Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы “Жас өркен” шағынауданына барып, ондағы салынып жатқан нысандардың құрылысымен танысты. Өңір басшысы атбасын бұрған алғашқы әлеуметтік нысандардың бірі – емхана. Емдеу мекемесі келер жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бір мезетте 250 адамды қабылдай алатын емхананы шағынаудан тұрғындары көптен күтіп жүр. Өкінішке қарай, биылғы жылдың соңында қолданысқа берілуі тиіс ғимараттың …