«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бөлім басшысы қамауға алынды

Арайлым Бейсенбаева

 araily86@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департа­мен­тінің баспасөз қызметі өңір аудандарының бірінің білім бөлімінің басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінгені жайлы ақпарат таратқан болатын. Кейін белгілі бол­ғандай, облыстық сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет Мағжан Жұма­баев ауданының білім бөлімінің бас­шысы С.М.Рамазановаға қатысты сы­байлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүр­гізіп жатқаны анықталды. Петро­павл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен С.М.Ра­мазанова қамауға алынған. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтыны айтылды.

С.М.Рамазанованың есімі газет оқырмандарына ол Мамлют аудан­дық білім бөлімін басқарып тұрған кезден таныс. Бірнеше жыл бұрын жер­гілікті журналистердің бірінің әлеу­меттік желіде жазған сөзі шымбайына тиіп, сотқа шағымданған болатын. Бі­рақ сот тілшінің сөзінен заңға томпақ келетіндей ештеңе байқай алмаған еді. Енді сол соттың алдына өзі келуі мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp