«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқырманға тарту

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс ақын, саналы ғұ­мы­рын, дарыны мен қабілетін сүйікті газеті – “Soltüstık Qazaqstan”-ның гүлденуіне ар­наған қаламы қарымды журна­лист Болат Қожахметовтің “Өзім және өзгелер жайында”, “Доңғалақты дүние” атты кітаптары жарық көрді.

2000 жылдардың басында “Soltustık Qazaqstan” газетінде “Өзім және өзгелер” айдарымен автордың біраз мақаласы жарияланған. 294 бет­тен тұратын “Өзім және өзгелер жа­йында” кітабына осы эсселер жинағы топтастырылыпты.

Автор кітаптағы әр туындысы ар­қылы халқымыздың дербес, ел бо­луы жолында адал қызмет еткен бір­туар тұлғалардың ғұмырбаяндары мен еңбек жолдарына, шығармашы­лық мұраларына терең бойлаған. Абай Құнанбайұлы, Сә­бит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Бейім­бет Майлин, Мұқағали Мақатаев, Кәкімбек Салы­қов, Сафуан Шаймерденов, Олжас Сүлейменов, Хамза Аб­дуллин, Нұрғиса Тілендиев жайлы жазған еңбектерінде ардақты азамат­тардың тау тұлғалары кең пішіле көрі­ніс тапқан. Сонымен қатар Болат аға­мыз бұрмаланып келген деректерді зерттеп, көпшілік біле бермейтін, өзі көрген-білген оқиғалар жайлы баяндап, қалам тербеген.

Мысалы, қазақ халық поэзиясы­ның әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдү­лі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев­тың әкесі Жабай деп келген болсақ, оның шын аты Жапа екенін бірі білсе, бірі білмес. Осындай тың деректерге толы кітапты оқырмандар да іздеп жүріп оқитыны сөзсіз.

Автордың екінші туындысы төс­қал­таға салып жүруге ыңғайлы етіп жасалған. “Доңғалақты дүние” деп ата­латын өлеңдер жинағы 100-ге жуық беттен тұрады. Бүкіл кітап бір тақырыпқа арналған, бір стильде.

Кітапшада “Күн”, “Ай”, “Арба”, “Доп”, “Доңғалақ”, “Трактор”, “Соқа”, “Ав­­томобиль”, “Жер” тағы да басқа көп­теген өлеңдер бар. Кітап көлемінің кішкентай болып жасалуын автор: “Өркениетті елдерде оқырмандар кітапты қалталарына салып жүріп оқиды. Ал біздің кітаптар ап-ауыр, үп-үл­кен, өзіңмен алып жүруге ыңғайсыз. Сондықтан қалаған жерде, уақытта қолыңнан табылуы үшін кішігірім кі­тап­ша шығарғанды жөн көрдім”, – деп түсіндірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp