Түйіншектегі “сәлемдеме”
Қылмыстық-атқару жүйесі облыстық департаментінің №51 төтенше қауіпсіздік мекемесіне ұялы телефондар, құлаққаптар мен SIM-карталар кіргізбек болған екі жігіт ұсталды. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 желтоқсан күні болған. Біреулер жеңіл көлікпен келіп, №51 мекемесінің 2 және 3 учаскелері арасына оралған зат лақтырған. Ол аумаққа бірден мекеменің қызметкерлері жіберіліп, қарауылдың техникалық жолында электродқа таспамен оралған 2 түйіншекті …