«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Қош келдің жарық әлемге!

Рабиға Ералы

 6545465@soltustikkaz.kz

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірімізде 22 сәби дүниеге келді. Ата-аналарын шаттыққа бөлеген шақалақтардың он үші – ұл, тоғызы – қыз бала. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл шекесі торсықтай ұлдардың саны басым.

Облыстық перинаталдық орта­лықтың бас дәрігері Елена Калюж­ная әрбір ана мен баланың денсау­лығы ақхалаттылардың назарында екенін айтты. Сондай-ақ ол 2023 жыл­дың алғашқы тәулігінде меди­циналық қызметкерлер кезекшілікті абыроймен атқарып, жұмыста еш­қандай қиындық орын алмағанын жеткізді.

– Жаңа жыл күні босанған ана­лар­дың көңіл күйлері жаман емес. Алды үйлеріне оралды. Жалпы жыл жақсы басталды. Алда әлі де сүйін­ші сұрар сәттер көп болады деген үміттеміз, – деді Елена Станис­лавовна.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp