«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір күнде – үш көлік апаты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері күрделі ауа райы жағдайында жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады. Көлік қоз­ғалысы қарқынды “Астана – Петропавл” трассасында бір күннің ішінде үш жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Таңертең Тайынша ауданының Кременчуг ауылы маңындағы авто­жол­дың 373 шақырымында 38 жас­тағы астаналықтың басқаруындағы “Hyundai Elantra” мен Ақжар ауда­нының 30 жастағы тұрғыны жүргіз­ген “Kiа Rio” автокөліктері соқты­ғысқан. Жол-көлік оқиғасы салда­рынан “Hyundai Elantra” автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы медицина­лық көмекке жүгінді.

Түс кезінде Қызылжар ауданын­да­ғы Бескөл ауылының маңында Петропавл қаласының 28 және 62 жастағы тұрғындары басқарған “Audi-80” және “Renault Duster” ав­токөліктері соқтығысты. Соққы алған “Renault” көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Кешке қарай Рощинское ауылы­ның маңында елорданың тағы бір 38 жастағы тұрғыны “Toyota Alphard” көлігінің тізгініне ие бола алмай қа­лып, аударылған. Салонда болған төрт жолаушыға медициналық кө­мек көрсетілді, ал тоғыз жасар қыз ауруханаға жатқызылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp