«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Абайсыздықтың салдары ауыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында 2022 жылы адам­дар зардап шеккен 382 жол-көлік оқиға­сы тіркеліп, оның 105-і жаяу жүргінші­лерді қағып кетумен байланысты бол­ған. Бұл жол-көлік аппаттарында 9 адам қаза тауып, 109-ы әртүрлі дәрежеде де­не жа­рақаттарын алған. Жаяу жүргін­ші­лер 42 рет жолды белгіленбеген жер­де­н кесіп өт­пек болған. Он екі ай ішінде өз­дерінің абайсыздығынан 3 адам мерт болып, 42-сі түрлі дене жарақаттарын ал­ған.

Осындай фактілердің жартысынан астамы облыс орталығында орын алды, өйткені мұнда көлік қозғалысы көп. Бірқатар жағдайда қала тұрғын­да­ры уақыт үнемдеу мақсатымен жол қоз­ғалысы ережесін бұзып, өмірлеріне қауіп тудырып жатады. Былтыр жаяу жүр­гін­ші­лер мен жол қозғалысының бас­қа да қатысушылары – велосипедші­лер, электросамокаттардың және көлік құралына жатпайтын басқа да қозғалыс құралдарының иелеріне 6873 хаттама толтырылды.

Жол қозғалысы қатысу­шы­лары тәртіп сақтағанда ғана қай­ғылы оқиғалардың алдын алады. Поли­ция қызметкерлері барлық жол қозға­лысының қатысушыларынан ереже та­лаптарын қатаң сақтауды және кәме­летке толмаған балаларға көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруды үйре­туді сұрайды.

Айдын БАЙМАТОВ,

жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp