«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үш көлік соқтығысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

7 қаңтар күні Мамлютка қаласы­ның маңында “Мамлютка – Қостанай” автожолында қолайсыз ауа райы жағдайында “Nissan Murano”, “Audi A6” және “Toyota Avensis” автокөлік­тері соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Соқтығысу салдарынан “Toyota Avensis” автокөлігінің 36 жас­тағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасының тағы сегіз қа­тысушысы, яғни “Audi A6” және “Toyota Avensis” автокөліктерінің жүр­гізушілері мен жолаушылары, олар­дың арасындағы 2014 жылы туған бір кәмелетке толмаған жасөспірім, түрлі дене жарақаттармен медицина­лық көмек көрсету үшін емдеу орын­дарына жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі Қыл­мыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тір­келді. Қазіргі уақытта полицейлер қа­жетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті процессуалдық ше­шім қабылдау үшін материалдар жинауда.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp