«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МИНИСТРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев елордада екі жақты кездесу өткізді.

Шарада облыс әкімі жуырда өңірге қарасты барлық аудандар мен Петропавл қаласы тұрғындарымен кездескенін айта келіп, олардың барысында солтүстікқазақстандықтардың бірқатар өткір мәселелер көтергенін жеткізді. Айдарбек Сейпілұлы кездесуге қатысушылар назарын тұрғындарды баспанамен, сапалы әрі жылдам интернет байланысымен, тіршілік нәрімен қамту, жолдарды жөндеу және салу мәселелеріне аударды. Сондай-ақ 2023 жылға жоспарланған жаңа жобалар талқыға салынды. Қос тарап тұрғын үй құрылысын қосымша қаржыландыру, “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағына инженерлік желілер тарту, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз-сумен қамтамасыз ету шаралары туралы ойларын ортаға салды.

Осы күні өңір басшысы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен де кездесіп, білім сапасын арттыру, “Жайлы мектеп” жобасы аясында облысымызда салынатын төрт жаңа оқу ошағының құрылысына қатысты мәселелерді талқылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp