«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.01.2023

Жолаушылар билеті субсидияланады

Петропавл халықаралық әуе­жайы арқылы былтыр 1,3 мың әуе рейсі жасалды. Осы аралықта 76 мың адам ұшқан, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыс­тырғанда үш есе артық. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқар­масы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжіновтің айтуынша, былтыр Петропавл әуежайының мү­ліктік кешені “Қызылжар халықара­лық әуежайы” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне, кейін сатып алу­ға құқығын сенімгерлік бас­қаруға берілді. …

Жолаушылар билеті субсидияланады Read More »

АСЫЛ МҰРАТ

Жуырда “Amanat” партиясының 2025 жылға дейінгі “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасының ал­ғашқы қорытындылары жария етіл­ді. Оның аясында белгіленген 362 іс-шараның 130-ы жүзеге асырылып, 228-і орындалу үстінде екені белгілі болды. Жол картасы азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу, эко­номиканың тұрақтылығын қамтама­сыз ету, өзара бәсекелестікті артты­ру, өнім сапасын жақсарту, мем­ле­кеттік басқару жүйесін дамыту сияқ­ты бағыттарды қамтиды. …

АСЫЛ МҰРАТ Read More »

БЮДЖЕТТІК ҮЙ САЛУ НЕГЕ СЫЛБЫР?

Облыс орталығында құрылыс саласына қатысты мәселелер аз емес. Жаңа нысандар салуға қаржы бөлінгенімен, жоспарланған жұмыс уақытынан кешеуілдеп аяқталады. Осындай жайт, әсіресе мемлекеттік тапсырыс аясында салынатын бюджеттік баспаналар құрылысында көп кездесуде. Демек, нысандарды жоспарлау әлі де болса жетілдіруді қажет етеді. Бұл мәселе кәсіпкерлер палатасы жанындағы кеңесте Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаевпен кездесу барысында көтерілді. Жиынға қатысушылар …

БЮДЖЕТТІК ҮЙ САЛУ НЕГЕ СЫЛБЫР? Read More »

ОТАН КҮЗЕТІНДЕ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерлерінің құрылған күні аталып өтілді. Салтанатты шараға әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер, 6637 әскери бөлімінің офицерлері, сарбаздар мен академия курсанттары қатысты. Мереке иелерін облыс әкімі атынан оның орынбасары Сәтжан Аблалиев құттықтады. Еліміз өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, араға 26 күн салып, кешегі Ішкі әскер бүгінгі …

ОТАН КҮЗЕТІНДЕ Read More »

ШАБЫНДЫҚ ЖЕР ТАПШЫ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров қабылдау өткізіп, жеке мәселелерін айта келген тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Өңір басшысының қоғамдық қабылдауына келгендердің бірі – Альбина Құдырова. Петропавл қаласының тұрғыны “Береке” шағынауданында 200 орынға шақталған балабақша салуды жоспарлап отыр екен. Қажет жер учаскесін де сатып алған. Бірақ жоба құны 1 млрд. теңгеден асып кеткендіктен білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие …

ШАБЫНДЫҚ ЖЕР ТАПШЫ Read More »

Сауығып кетші, балақай!

Сирек кездесетін дерттің бірі – арқа бұлшық ет атрофия­сы ауруына шалдыққан 1 жас 4 айлық нәрестеге дәрігерлер құны 35 млн. теңге тұра­тын дәріні екті. Баланың өмірін сақ­тап қалу үшін аса қажет қым­бат пре­парат республикалық бюджеттен бө­лінген қаражат­қа алынды. Облыстық көпсалалы балалар ау­руханасы мамандарының мәліметін­­ше, осындай ем-дом өңірде алғаш рет жасалып отыр. Бұлшық ет атрофия­сы – …

Сауығып кетші, балақай! Read More »

Парацетамол тапшы

Соңғы кездері облыста жұқпалы вирустық инфециялық аурулар мен тұ­мауға шалдыққандар көбейді. Соның әсерінен дене қызуын төмен­дететін дәрілерге сұраныс артқан. Петропавлдағы дәріханаларда парацетамол дәрісінің тапшылығы байқалады. Қала тұр­ғыны Гүлжиһан Қайыржан­қызы парацатамол іздеп, 1 күннің ішінде 10 шақты дәріханаға бас сұққан. – Дәріханаларда дене қызуын тө­мендететін дәрілер жеткілікті. Солар­­дың ішінде тұрғындар жиі тұтынатын парацетамол тапшы. Тіпті жоқ …

Парацетамол тапшы Read More »

Көмекке асыққан тәртіп сақшылары

Айыртау ауданында қарлы боран салдарынан екі ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жолда қалып қойды. Олардың бірі кейінірек полиция департаментіне телефон соғып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Марат Жамбылов он бес жылға жақын уақыт бойы көлік тізгіндеп ке­леді. Ол “SHANTUI” бульдозері тиел­­ген “МАЗ” көлігімен жергілікті маңыз­дағы Елецкое мен Айыртау ауылда­ры арасындағы автожолда омбы қар­да батып қалған. Жүр­гізуші “102” …

Көмекке асыққан тәртіп сақшылары Read More »

Ұрлық азайды

Облыс полицейлері 2022 жыл­дың қорытындысы бойынша мүлікке қатысты қылмыстар санының азай­ға­нын тіркеді. Қылмыстың ең көп та­ралған түрі – бөтеннің мүлкін ұрлау. Өткен жылы облыста 1444 ұрлық жа­салды, бұл 2021 жылмен салыстыр­ғанда 18,8 пайызға аз. Мал ұрлығы 31 пайызға төмендеді. 2021 жылы – 29, былтыр 20 мал ұрлау фактісі тіркел­ген. Бұл ретте полицейлердің алдын алу жұмысының …

Ұрлық азайды Read More »

Ерекше көрме

Қылмыстық-атқару жүйесі облыстық департаментінің мамандары алғаш рет түрмелерге кіргізілмек болған тыйым салынған заттардың көрмесін ұйымдастырды. Бір жылдың ішінде мамандар ұялы телефонның 89-ын анықтап, оның ішке енуіне тосқауыл қойған. Колония аумағына кіргізілмек бол­ған заттардың бірі – шағын ғана ұялы телефон. Оны №48 мекеменің қызметкерлері рентгентелевизиялық аппаратты қолдана отырып, аяқ киім щеткасының ішінен тауып алды. Кү­дік тудырған …

Ерекше көрме Read More »