«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ШАБЫНДЫҚ ЖЕР ТАПШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров қабылдау өткізіп, жеке мәселелерін айта келген тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Өңір басшысының қоғамдық қабылдауына келгендердің бірі – Альбина Құдырова. Петропавл қаласының тұрғыны “Береке” шағынауданында 200 орынға шақталған балабақша салуды жоспарлап отыр екен. Қажет жер учаскесін де сатып алған. Бірақ жоба құны 1 млрд. теңгеден асып кеткендіктен білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие ошағын қаржыландыруға асығар емес. “Білім басқармасына бірнеше рет жобамды ұсындым. Олар тым қымбат екенін айтты. Оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асырғым келеді. Жеке инвесторларым да бар”, – деді Альбина Құдырова.

Облыс әкімі бұл жобаны қайта қарап шығу жөнінде тапсырма беріп, мәселені назарда ұстайтынын айтты.

– Жобаны тағы бір мәрте қарап шығу керек. Балабақша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынатын болса, мемлекет аталған нысанды алдағы 7 жылда сатып алуы қажет. Егер бұл жоба тиімді болса, жұмысты бастау қажет. Ал бюджетке шығын әкелсе, нақты жауап берілуі керек, – деді Айдарбек Сапаров.

Мамлют ауданының тұрғыны Закир Лиров шабындық жерлердің аздығына шағымданды. Оның айтуынша, ауданда ірі қараны жем-шөппен қамту мәселесі өте өзекті.

– Мен Жамбыл облысынан көшіп келіп, ірі қара өсіруді қолға алдым. Бүгіндері мал басы 63-ке жетті. Алдағы жоспарым – оның санын 100-ден асыру. Теріскейге қоныс аударарда жер телімі берілетінін айтты. Әзірге жергілікті билік өкілдері уәдесін орындаған жоқ. Шабындық берілсе, шаруашылығымды кеңейтер едім, – деген Закир Лировтың мәселесін шешуді өңір басшысы Мамлют ауданының әкімі Владислав Лукинге тапсырды. Аудан әкімі алдағы уақытта жер учаскелерін беру бойынша байқау өтетінін айтып, оған қатысуға шақырды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp