«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сауығып кетші, балақай!

Ақерке Дәуренбекқызы

 51651651@soltustikkaz.kz

Сирек кездесетін дерттің бірі – арқа бұлшық ет атрофия­сы ауруына шалдыққан 1 жас 4 айлық нәрестеге дәрігерлер құны 35 млн. теңге тұра­тын дәріні екті. Баланың өмірін сақ­тап қалу үшін аса қажет қым­бат пре­парат республикалық бюджеттен бө­лінген қаражат­қа алынды.

Облыстық көпсалалы балалар ау­руханасы мамандарының мәліметін­­ше, осындай ем-дом өңірде алғаш рет жасалып отыр. Бұлшық ет атрофия­сы – өте сирек кездесетін орфандық ауру. Өңірде бұл дертпен ауыратын бала біреу ғана.

Нәрестеге “Спинраза” деп атала­­тын препараттың алғашқы дозасы интрате­кальді түрде жұлын каналы егілді. Ем-дом асқынусыз өтуі үшін Астанадан невролог дәрігерлердің бригадасы кел­­­ді. Кейін 72 сағат бойы бала мамандар­дың бақылауында болды.

“Дәрі салынғаннан кейін нәрес­те­­нің жағдайына мониторинг жүргіз­дік. Жағдайы тұрақты, сол себепті үйіне жі­бер­дік. Сәби тұрғылықты жері бойын­ша амбулаторлық бақы­лауда бола­ды”, – деді нәрестені емдеуші дә­рі­гер, аурухананың нев­рологиялық бө­­лімшесінің меңгеру­шісі Елена Бе­дина.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp