«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ауылымыздың жанашыры

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақта “Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын” деген жақсы сөз бар ғой. Мен Есіл ауданының Ақтас ауылындағы “Ақтас АГРО” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жайлы сөз қозғағым келіп отыр. Серіктестік ауыл тұрғындарымен етене жақын араласып, керек кезде көмек қолын созуға дайын тұрады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды “Ба­лалар жылы” деп жариялағанда бәріміз де қуандық. Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты бо­луына, ең алдымен тағылымды тәр­бие мен сапалы білім ықпал етеді. Яғни бала тәрбиесі мемлекет идео­логиясының маңызды бір саласы іспеттес. Былтыр “Адал көмек” жобасы аясында елімізде көптеген шаруа атқарылды. Кәсіпкерлер ауылдардың дамуы­на қол ұшын созып, елжандылықтың үлгісін көрсетті. Солардың бірі “Ақтас АГРО” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысының орынбасары Шайдолла Иманжанов.

Біздің ауылымыз шағын болған­дықтан жастар бос уақытта көңіл-көтеріп, асыр салып ойнайтын орын­дар өте аз. Серіктестік бұған дейін бос тұрған мұз айдынына су құюға қажетті құрал-жабдықтар бер­ген болатын. Жуырда шаңғы және коньки сыйға тартты. Бүлдіршіндер­дің қуанышында шек жоқ. Сабақтан кейін бәрі жиналып коньки тебеді. Жеңіс көшесінен естілетін балалар­дың күлкісі түгел ауылды шаттыққа бөлеп тұрғандай.

Шайдолла Иманжанов ауыл мекте­бі­не де жиі бас сұғып, қажеттіліктерін өтеуге асық. Мектеп асханасына 5 қап ұн әперді. Былтырғы оқу жы­лын­да көпбалалы отбасынан шық­қан 6 оқушыны жалпы сомасы 86400 теңгеге тегін тамақпен қамта­масыз еткен болатын. Жаңа жыл мерекесіне орай бүлдіршіндерге және мектеп оқушыларына 64 тәтті қорап таратты.

Сондай-ақ ол оқушылар­ға “Родник” балалар сауықтыру ла­геріне жыл сайын жолдама беріп тұрады. Былтырғы оқу жылында бес бала жолдама арқылы демалуға мүмкіндік алды. Серіктестік бүлдіршіндерімізге қолдау көрсетуден бөлек, ауыл тұрғында­рын жұмыспен қамтып отыр. Егін жинау науқанында белсенді жұмыс атқарған механизатор Толқын Неғ­меджанов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жұ­мысшылардың еңбегі осылай еле­ніп жатса, олардың да жұмысқа бар ынтасын салары сөзсіз.

Жалпы серіктестік ауыл халқы­мен тығыз байланыста жұмыс істей­ді. Қыс мезгілінде жолдарды қар­дан тазартып, жалғыз ілікті жандарды тұрмысқа қажетті заттармен қам­тамасыз етеді, үйлерінің маңай­ла­рын жинауға жұмылады.

Шайдолла Иманжановтың қолдауы­ның арқасында ауылдағы клубқа жылу қазандығы мен заманауи плас­тикалық терезе орнатылды. Бұл мәдениет ошағын ауыл тұрғын­дары, шет-жақында жүрген ел азаматтары бәріміз бірігіп жөндеген болатынбыз. Қазір елді мекендегі барлық жиын-той осында өтуде.

“Бітер істің басына, жақсы келер қасына” демекші, ауыл бәріміздің алтын қазығымыз. Осындай аза­мат­тардың арқасында игі істер көп­теп атқарылып, елді мекен тұрғын­дарының әлеуметтік жағдайы жақ­сара түсері анық.

Жансұлу ӨМІРЖАНОВА,

Ақтас негізгі мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp