«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Баж мөлшері өзгерді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңгені құрайды, ол мемлекеттік баж мөлшерімен тікелей байланысты болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта Салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК, яғни 690 теңгені құрайды.

Төлқұжат едәуір қымбатқа түседі:8 АЕК – 27600 теңге. Төлқұжат пен жеке куәлікті беру мерзімі өтініш түскен сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды, бірақ процесті ақылы түрде жеделдету мүмкіндігі бар:

Петропавл қаласында жеделдету 3 күн – 4983 теңге, 5 күн – 2752 теңге;

Облыс аудандарында 7 күн – 1116 теңге. Жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды, содан кейін ауыстыру қажет.

Жүргізуші куәлігі 1,25 АЕК – 4312 теңге;

Неке туралы куәлік 1 АЕК – 3450 теңге. Қайта беру кезінде 0,5 АЕК – 1725 теңге;

Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж 2 АЕК – 6 900 теңге.

Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ актінің жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК – 1725 теңге төлеу қажет.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp