«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰБТ-ның бірінші кезеңі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел көлемінде коммер­ция­лық негізде оқуға түсем деу­шілер Ұлттық бірыңғай тес­тілеуден өтуде. Түлектердің сынағы ақпанның 11-не дейін жалғасады. Жалпы Қазақстан бойынша электрондық фор­матта өтіп жатқан ем­тиханда білімін саралауға 125 мыңға жуық мектеп оқушысы өтініш білдірді.

Қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған сту­денттер, ақылы негізде “Педа­гогикалық ғылымдар” маман­ды­ғына ауысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ қалауы бойынша уни­верситеттерге ақылы негізде оқуға қабылданғысы келетін мектеп түлектері қатысады.

Облыста қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді 2 мыңнан астам түлек тапсырады деп күтілуде. Оқу­шылар өміріндегі маңызды білім сынағы екі жерде ұйымдасты­ры­лады. Біріншісі – Петропавл қала­сында, екіншісі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында орналасқан. Тестті “Study” оқу орталығының филиалы ұйымдастырып жатыр.

Облыстық білім басқарма­сының мәліметінше, жалпы биылғы оқу жылында мектепті 3345 оқушы аяқтайды. Оның 71 пайызы қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген.

– Қаңтар айындағы тестілеу қо­рытындысы бойынша шекті дең­гейден өткен 11-сынып оқушылары Қазақстанның жоғары оқу орын­дарына коммерциялық негізде тү­суге құқық беретін сертификаттар алады. Білім беру грантын тағайын­дау конкурсына қатысқысы келе­тіндер үшін жазғы тестілеуге мін­детті түрде қатысу қажет, – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері барлық талапкерлер үшін компьютер экрандарында қолже­тімді болады. Сондай-ақ ҰБТ қаты­сушыларына өздерімен қалам, су және шоколад алып келуге рұқсат етіледі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp