«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Жолақы өспек

Диас АЯҒАН

 dias.ayagan@mail.ru

Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттамақ. Шаһар­да жолақы соңғы рет 2017 жылы өскен.

СҚО “Автокөлік одағы” тасы­малдаушылар қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, еңбекақы төмен болған­дықтан жүргізуші табу қиын. Қазір бұл салада кадр жетіс­пеушілігі мәселесі өткір тұр.

“Біз қалалық қоғамдық көлікте жүру ақысын өсіруді сұраймыз. Бұл біздің қазіргі жағдайымызды айтар­лықтай жеңілдетеді. Мәселен, Қостанай 1 қаң­тардан бастап қолма-қол және қол­ма-қол ақшасыз есеп айырысулар үшін автобустарда жолақыны өсір­ді”, – дейді “KYZYLZHAR BUSES” серіктестігінің директоры Бауыржан Құсайынов.

Петропавл әкімі Руслан Аңбаев бұл мәселенің қазір талқыланып жатқанын айтты. Десек те, азамат­тардың әлеуметтік осал санаттары үшін тариф өзгеріссіз қалмақ.

“Әкімдік азаматтардың осы са­на­тына көмектесіп, жолақыны ар­зандатып, субсидиялар есебінен та­сымалдаушылардың шығындарын өтей­ді. Бүгінгі таңда оқушылар 40 тең­ге төлесе, мүгедектер үшін жол жү­ру тегін, бірақ қала тұрғындарының басым бөлігі үшін тариф көтеріледі”, – деді Руслан Аңбаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp