«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балықшының денесі табылды

Ақерке Дәуренбекқызы

 51651651@soltustikkaz.kz

Өңірде іздеу жарияланған 31 жас­тағы Болат Ақиевтің денесі қар ас­тынан табылды. Марқұм үстіміз­де­гі жыл­ғы 6 қаңтар күні Шал ақын ауда­нына қарасты Ступинка елді меке­нінің маңындағы көлге балық аулау­ға кетіп, содан үйіне қайтып оралмаған. Жігіт Ғабит Мүсірепов атындағы ау­данның орталығы – Но­воишим ауы­лының тұрғыны болып шықты.

Болат Ақиевті іздеуге еріктілер, полицейлер, ауыл тұрғындары жұ­мылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құра­мынан 13 маман, 3 техника үш күн бойы жоғалған адамды іздеді. “Қаң­тардың 7-нен 8-не қараған түні Но­воишимка ауылынан келген үш ба­лықшының Ступинка елді мекені жа­нындағы көлде болғаны анықталды. Сағат 23:00 шамасында спирттік ішім­дік ішкеннен кейін олардың бірі Сергеевка қала­сындағы туысына жаяу баратынын айтқан. Жанындағы таныстары қар­лы боранда түнде жаяу жүрмеуге үгіттеген. Алайда Болат Ақиев олар­дың сөздеріне құлақ аспай, кетіп қалған”, – делінген облыстық полиция де­партаментінің баспасөз қызметі та­ратқан хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, табылған адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің нақ­ты себебі сот-медициналық сарап­та­ма нәтижелерінен кейін анықта­ла­ды. Бұл дерек адамның жоғалып кету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілі­мінде тіркелген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp