«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Погон таққан ғалымдар”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қылмыс орындарындағы із­дер мен заттай дәлелдерді іздеу­мен, алумен және зерттеумен ай­налысатын криминалистер осы­лай аталады. Олардың жұмысы­ның нәтижесінде күдіктілердің кі­нәсі дәлелденеді немесе жоққа шы­ғарылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған орын­дар криминалистерсіз тексеріл­мей­ді, олардың қатысуы міндетті. Жалпы өткен жылы кримина­листер 2,5 мыңға жуық оқиға ор­нына шықты. Бұл облыста тір­келген барлық қылмыстардың 70 пайызын құрайды. Мамандар тер­геу әрекеттері шеңберінде 3611 криминалистикалық зерттеу жүр­гізді. Олардың негізгі бөлігі – қол мен саусақтардан қалған іздерді анықтау. Бір жыл ішінде дакто­есептер бойынша жүргізілген жұ­мыстар 140 қылмыстың ашы­луына ықпал етті. Сондай-ақ фото және бейнеесептер бойынша жұ­мыстар жүргізіледі. Мысалы, кү­дікті адамдардың фоторобот­та­ры­ның жасалуы 95 қылмыстың ашылуына көмегін тигізді.

Сондай-ақ “трасология” ұғы­мына біріктірілген биологиялық және иіс іздері, барлық басқа да іздер зерттеледі. Криминалистер­де аяқ киімдердің, көлік құрал­да­рының, бұзу құралдарының және басқа да қылмыс түрлерінің іздері бар. Былтырғы он екі айдың ішінде оларды пайдалану 23 ұрлықтың, оның ішінде төрт пәтер ұрлығы­ның, көлікті айдап әкетудің төрт фактісінің және басқа да бірқатар қылмыстардың ашылуына ықпал етті.

Қанат ОСПАНОВ,

жедел-криминалистика басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp