«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоян аулауға шығып, елік атқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жоспарлы рейд барысында Қы­зылжар ауданындағы Соколовка ауылдық полиция бөлімшесінің қыз­меткерлері тексеру үшін “Mitsubishi Montero” жол талғамайтын көлігін тоқ­татқан. Көлікте Петропавл қаласының 41 және 38 жастағы тұрғындары болған. Полиция қыз­мет­керлері артқы есікке жұққан қан­ды байқап қалады. Тексеріс бары­сында салоннан арнайы қапшыққа салынған 12-ші калибрлі “АТА-ARMS” тегіс ұңғылы қаруы мен жа­нуарлардың еті бар сөмке табылған. Құжаттарды тексеру кезінде аң ау­лауға шыққан олардың бір қоянды атуға ғана арналған рұқсат қағазы бары анықталды.

– Шақыру бойынша келген жедел тергеу тобы үш сібір елігінің заңсыз атылғанын анықтады. Аталған фак­ті Қылмыстық кодекстің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қару, оқ-дәрі, жануарлар­дың еті тәркіленді, – дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің басты­ғы, полиция полковнигі Әлихан Бай­қадамов.

Облыс аумағында 2022 жылы заңсыз аңшылықтың 19 фактісі тір­келген.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp