Қылмыс орындарындағы іздер мен заттай дәлелдерді іздеумен, алумен және зерттеумен айналысатын криминалистер осылай аталады. Олардың жұмысының нәтижесінде күдіктілердің кінәсі дәлелденеді немесе жоққа шығарылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған орындар криминалистерсіз тексерілмейді, олардың қатысуы міндетті. Жалпы өткен жылы криминалистер 2,5 мыңға жуық оқиға орнына шықты. Бұл облыста тіркелген барлық қылмыстардың 70 пайызын құрайды. Мамандар тергеу әрекеттері шеңберінде 3611 криминалистикалық зерттеу жүргізді. Олардың негізгі бөлігі – қол мен саусақтардан қалған іздерді анықтау. Бір жыл ішінде дактоесептер бойынша жүргізілген жұмыстар 140 қылмыстың ашылуына ықпал етті. Сондай-ақ фото және бейнеесептер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, күдікті адамдардың фотороботтарының жасалуы 95 қылмыстың ашылуына көмегін тигізді.
Сондай-ақ “трасология” ұғымына біріктірілген биологиялық және иіс іздері, барлық басқа да іздер зерттеледі. Криминалистерде аяқ киімдердің, көлік құралдарының, бұзу құралдарының және басқа да қылмыс түрлерінің іздері бар. Былтырғы он екі айдың ішінде оларды пайдалану 23 ұрлықтың, оның ішінде төрт пәтер ұрлығының, көлікті айдап әкетудің төрт фактісінің және басқа да бірқатар қылмыстардың ашылуына ықпал етті.
Қанат ОСПАНОВ,
жедел-криминалистика басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.