«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮСІП ҚАЛҒАНДАР

Ақерке Дәуренбекқызы

 51651651@soltustikkaz.kz

Жыл басынан бері жарақат алған, үсік шалған 400-ден астам адам Петропавл қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының көмегіне жүігінді.

Емдеу мекемесі баспасөз қыз­ме­ті­нің мәліметінше, жарақат бө­лімшесіне қаралғандардың 150-інің сүйектері сынған, тағы 12 адам үсік шалып, мамандардың көмегіне жү­гінуге мәжбүр болған.

“Үсік шалғандар негізінен мас күй­де түседі. Оларды аман алып қалу үшін ота жасауға тура келіп жа­тады, қол-аяғын ампутациялаймыз. Бұрын ау­руханаға негізінен қаңғыбастар түсетін, ал қазіргі уақытта көп жағдайда спирттік ішімдік ішкендер не­месе жарақат алып, далада жатып қалғандар көп. Жыл басынан үсіп қалған 12 адамның төртеуін ауруханаға жатқызуға тура келді. Желтоқсан айында қол-аяғын үсіткен 14 адам хабарласты. Олардың екеуі әлі ем алып жатыр”, – дейді ауру­хана дәрігерлері.

Қазір қыс қаһарына мінген шақ. Сондықтан үсік шалған жағдайда бірнеше кеңесті естен шығармаған жөн. “Зардап шеккен адамды жы­лыту үшін оны жылы жерге кіргізіп, ыстық шай немесе сүт беру керек. Зақымданған аяқ-қолын жылы жапқышпен орау қажет. Қолдың саусақтары қатты тоңған жағдайда қолтықтың астына тығу арқылы жы­лытуға болады. Егер мұрынды үсік шалса, оны жылыту үшін қолдың жылуы жеткілікті. Терінің жылыған аймағының қайтадан тоңуына жол бермеңіз. Тін жиі қатып, жылынатын болса, соғұрлым зақымдануы мүм­кін”, – дейді мамандар.

Ал алғашқы көмек көрсетіл­геннен кейін науқасты ауруханаға тез жеткізген жөн. Өйткені аздап үсік шалу да организмнің қорғану күшін төмендетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp