«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Сирек кездесетін мылтық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция басқармасына келген 58 жастағы азамат пайдаланылмай тұрған көлікжайын қоқыс пен үйінділер­ден тазартып жүріп қос ұңғылы мыл­тық салынған қапшық тауып алғанын айтқан. Ол табылған қару туралы бірден полицияға ха­барлаған.

Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері оның оқ атуға жарамды атыс қа­руы екенін анықтады. Бір қызығы, бұл мылтық бельгиялық “Bayard” фирмасының сирек кездесетін аңшы қаруы болып шықты. Мыл­тыққа ойылып жазылған белгіле­рін тексергеннен кейін кримина­листер ол 1893-1898 жылдар аралығында шығарылған деген болжамға келді. Алдағы уақытта бұл мылтық облыстық полиция департаментінің музейіне тапсы­рылмақ.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp