«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН Тайыр Мансұровтың туындысы ұлттық сыйлыққа ие болды

Нұргүл Оқашева

 nurgul.okasheva@mail.ru

Еліміз тұғырлы Тәуелсіз­дікке қол жеткізгеннен кейін та­рихтағы бірталай “ақтаңдақ­тардың” беті ашылып, бұған дейін айтылмай келген, айтыл­­са да мардымсыз сөз етілген көп­теген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткер­лерінің есім­дері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бас­тады ғой. Сондай ардақты тұл­ғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов.

Өткен ғасырдың жиырмасын­шы жылдары жарқырай көрінген жас қа­зақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғалардың біре­гейі, қазақтың сегіз қырлы, бір сыр­лы перзенті жай­лы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ға­лым Тайыр Мансұров өндірте көп­теген еңбектер жазды. Жуырда сая­сат ғылымдарының док­торы Тайыр Мансұровтың “Тамаша адам­дар өмірі” сериясы негізінде жа­сындай қысқа ғұмырын туған халқы мен Отанына қызмет етуге арнаған Нәзір Төреқұлов жайлы жазған зерт­теу еңбегі орыс био­графиялық инс­титуты, Ресей мем­ле­кеттік кітапха­на­сы және “Литера­турная газета” ме­ке­месі ұйымдастырған шарада “Сая­си биогра­фия” аталымында ұлттық сыйлыққа ие болды. Автордың қа­лың оқырманға ұсынған бұл кіта­бын­да қазақтан тұңғыш шыққан кеңестік өкілетті өкіл туралы әңгіме егжей-тегжейлі өрбітіледі, сонау бір ке­зең­де Кеңес-Сауд қарым-қатынасының қалай қалыптасып, дамыға­ны жан-жақты қамтылады. Қаншама жыл­дар бойы мұрағаттың құ­лыптаулы сөре­лерінде сақталған құнды құжаттар негізінде автор жігерлі елшінің Кеңес одағының Арабия түбегіндегі ықпа­лы жолын­дағы күресіне қатысты осы­ған дейін сырын ішіне бүккен фак­ті­лердің бетін ашады.

Бұл – ұлттық сыйлық саяси та­қы­рыпты терең қаузаған авторлардың барлығына бірдей үлестіріле­тін марапат емес. Нәзір Төреқұ­ловтай ғасырда бір рет туатын алып тұлға­ның өмірдариясын, жұл­дызды ғұмы­рын әр қазақ бала­сы­ның көкірегінде жағуды мұрат еткен Тайыр Мансұ­ровтың еңбегі алғысқа да, атаққа да әбден лайық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp