«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Төрағалар сайланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Amanat” партиясы Петропавл қалалық филиалы – өңірдегі ірі саяси ұйымдардың бірі, мұнда төрт мыңнан астам мүше бар. Жуырда өткен конференцияда былтырғы жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттер белгіленді.

Филиалдың атқарушы хатшысы Әсемгүл Ахметова баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрілік препараттардың бағасына партиялық мониторинг жүргізу және бақылау топтары жұмыс істейтінін, есепті кезеңде 25 рейдтік іс-шара өткізілгенін тілге тиек етті. Үш құрылыс нысанында партиялық бақылау пункті ашылған. Спикер атап өткендей, 2025 жылға дейін жоспарланған сайлауалды бағдарлама 80 іс-шарадан тұрады, оның 80 пайызы орындалды.

Жиында ашық дауыс беру нәтижесінде Әсемгүл Ахметова филиалдың төрайымы болып сайланды.

Конференцияға қатысқан облыстық филиалдың төрайымы Әсем Рахметова халықпен сапалы жұмыс жүргізу, тұрғындардың сұраныстарына жауап беру қажеттігін атап өтіп, барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ есеп беру конференциялары Айыртау, Мамлют, Жамбыл, Ақжар, Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Аққайың аудандарында да өтіп, филиал төрағалары сайланды.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Amanat” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp