Прокурорлық қадағалау бәсеңдемейді
Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетовтың төрағалығымен өткен алқа отырысында ведомоствоның 2022 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды. Былтыр 132 тексеру жүргізіліп, 909 заң бұзушылық анықталды, оның 542-сі жойылды. 402 қадағалау актісі енгізіліп, 18599 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. 561 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Қадағалау актілері бойынша 621 млн. теңге өндіріліп алынды, мемлекеттік кіріске 387,5 млн.теңге …