«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аялы алақан

Бектұрған Лақадыл

 turgan_bek84@mail.ru

“AMANAT” партиясының Ақжар аудандық филиалы бес жасар жетім бала Константин Ткаченкоға қамқор­лық көрсетті. “Денсаулық” бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудан­дық аурухананың бас дәрігері Шол­пан Сәбитованың бастамасымен қолға алынған қайырымдылық шарасына жергілікті кәсіпкерлер Нұрлығайын Байгереева мен Орынба­сар Ысқақова қатысты.

Сырқат бала ауруханаға түскен кезде салмағы небәрі 5 килограмм ғана болыпты. Отыра да, жүре де, сөйлей де алмаған, тек жата бер­ген. Сондықтан баланы әр қырынан дамы­татын заттар сатып алынған. Оның ішінде киім-кешек, ойыншық, жаялықтардан басқа, баланың өсуі­не қажетті дәрумендер де бар.

Демеушілер мұндай көмекті бір рет қана емес, баланың жағдайы жақ­сарғанша жалғастыратындарын, сон­дай-ақ баланың жағдайын тұрақты түрде бақы­лауда ұстайтындарын айт­ты. Константин 3 айдан бері “Денсаулық” бас­тауыш партия ұйымы мүшелерінің қамқорлығында. Медици­на қызмет­керлерінің аялы алақаны­ның арқа­сында салмағы тағы 3 килограмға көбейіп, отыруды үйренген. Кейде арнайы құрылғының көмегімен ая­ғын басатын болған.

Мамандар бала одан әрі мамандандырылған мекемеде тәрбиелен­гені дұрыс дейді. Сондықтан оны Сә­билер үйіне орналастыру мәселесі қарастырылуда. Кішкентай Констан­тин­нің анасы ішімдікке салынып, 2022 жылдың қазан айында қайтыс бол­ған болатын. Ал әкесі түзету мекемесінде жазасын өтеуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp