Петропавлда шаңғымен сырғанаудан облыс чемпионаты өтіп жатыр. Оған өңірдің барлық аудандарынан спортшылар қатысуда.
Үш күнге созылатын жарыста өңіріміздің 200-ге жуық спортшысы төрт жас санаты бойынша сайыспақ. Үздік атанғандар өңір намысын республикалық біріншілікте қорғайтын болады.
– Жарыстың алғашқы күні классикалық спринт бойынша сайыстар өтеді. Қалған күндері шаңғышылар еркін және аралас эстафета бағдарламаларында өзара мықтыны анықтайды. Ширек финал, жартылай финал және шешуші кезең болады. Осылайша жақсы нәтиже көрсеткендер іріктеліп, жеңімпаздар анықталады, – дейді Қ.Байболов атындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Владимир Щербаков. “Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар” атанғандарға кубоктар, медальдар және грамоталар беріледі.
Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.