«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жарыс жолында – шаңғышылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда шаңғымен сырға­наудан облыс чемпионаты өтіп жа­тыр. Оған өңірдің барлық ауданда­рынан спортшылар қатысуда.

Үш күнге созылатын жарыста өңіріміздің 200-ге жуық спортшысы төрт жас санаты бойынша сайыс­пақ. Үздік атанғандар өңір намысын республикалық біріншілікте қорғай­тын болады.

– Жарыстың алғашқы күні клас­сикалық спринт бойынша сайыс­тар өтеді. Қалған күндері шаңғышылар еркін және аралас эстафета бағдарламаларында өзара мық­тыны анықтайды. Ширек финал, жартылай финал және шешуші кезең болады. Осылайша жақсы нә­тиже көр­сеткендер іріктеліп, же­ңім­паздар анықталады, – дейді Қ.Байболов атындағы маман­данды­рылған бала­лар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директо­ры Владимир Щербаков. “Жүз­ден – жүйрік, мыңнан – тұлпар” атанғандарға кубоктар, ме­дальдар және грамоталар беріледі.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp