«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жас акробаттар жеңісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында жасөспірімдер мен жастар арасында спорттық акробатика және акробаттық жолақ пен батутта секіруден Қазақ КСР-дың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті.

А.Ямпольский атындағы тур­нир 1970 жылдан бері дәстүрлі түр­де өткізіліп келеді. Аталмыш сайыс­қа ең үздік спортшылар жиналды. Өзге елдің акробатшылары да білік­тіліктерін арттыру мақсатында сын­ға түседі.

– Биылғы сайысқа қатысуға елі­мізден – 8, Ресей елінен 12 және Өз­бекстаннан 2 команда қатысуға ниет білдірді. Олар үш күн бойы бір­неше санат бойынша өзара мық­тыны анықтады. Осы додада топ жарып, өзін жақсы қырынан көрсете алған акробаттар ұлттық құрама сапына ілігеді, – дейді спорттық акробатика бойынша маманданды­рыл­ған бала­лар мен жасөспірімдер спорт мекте­бінің директоры Ринат Белогонов.

Өңір намысын қорғаған жерлесте­рі­міздің арасында Ратмир Темір­болатов, Никита Карасев, Даниал Жеңісов, Вячеслав Миллер алтын медаль иеленді. Қыздар арасында Настасья Осипенко 1-орынға ие бол­са, Екатерина Хохлова 2-орынға та­бан тіреді. Халықаралық турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегер­лері кубоктармен және медаль­дармен марапатталды. Ал үздік спорт­шылар 2024 жылы Израильде өтетін әлем чемпионатына қатыса­тынын айта кеткен жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp