«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пара алды деген күдікке ілікті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық Мәде­ниет үйінің директоры пара алды деген күдікке ілініп, тер­ге­­ліп жатыр.

Облыс бойынша сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызметтің басшысы Сергей Перов бұл оқиғаны растады. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісі бойынша мәдениет саласының лауазымды тұл­ғасына қатысты сотқа дейінгі тер­геу жүргізілуде.

“Лауазымды тұлға жалпы сома­сы 8 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орын­дал­ған жұмыстардың актілеріне кедер­гісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 454 мың теңге мөлше­рінде пара алды деп күдікке ілінді. Бұдан басқа, жоғарыда аталған ла­уазымды тұлғаның мемлекеттік са­тып алудың күшін жою туралы бұй­рықты заңсыз шығарғаны және баға ұсынысы байқау жеңімпазының ұсынысынан 2 есе дерлік асып түскені, конкурстың басқа қатысушысы­мен шарт жасасу жолымен заңды кә­сіпкерлік қызметке кедергі жасау фактісі анықталды”, – делінген Сер­гей Перовтың жауабында.

Өзге ақпарат Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Қылмыстық-процестік кодекс­тің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Күдіктінің кінәсін сот анықтамақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp