«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тексеру комиссиясында – жаңа төраға

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тексеру комиссиясына жаңа төраға тағайындалды. Бұдан былай облыс бойынша тексеру комиссиясын Қайрат Сейітқожаев басқарады.

Қайрат Күнтуғанұлы 1977 жылы туған. Қазақ тұтыну кооперациясы институтын және Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тамамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы статистика комитетінің даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтында экономикалық және статистикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

2003-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып қызмет істеді. Кейін “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамы, “Қамқор” жөндеу корпорациясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етті. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2010-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінде және Экономикалық даму және сауда министрлігінде жұмыс істеді. 2011 жылдан 2018 жылға дейін “Astana Solar” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бөлім қызметкерінен бас директордың міндетін атқарушыға дейінгі жолды жүріп өтті.

2018 жылдан мемлекеттік қызметке қайта оралып, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ішкі аудит департаменті директорының міндетін атқарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp