«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тонау төмендеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында былтыр тонау 20 пайызға төмендеді. Мұндай нә­тиже қылмыстардың осы түрінің ал­дын алудан және оларды ашу дең­гейінің артуынан мүмкін болған. Көп жағдайда тонауды бұрын істі болған адамдар жасап жатады. Мәселен, өт­кен жылдың мамыр айында С.Мұқа­нов көшесіндегі үйдің жанында Пет­ропавл тұрғынына бас бостандығы­нан айыру орындарынан екі ай бұ­рын ғана босап шыққан 40 жастағы азамат шабуыл жасаған. Ол күш көр­сетіп, жәбірленушінің ұялы телефо­ны мен қымбат емес металдан жасалған екі жүзігін тартып алған. Шы­ғын сомасы 45 мың теңгені құраған. Ер адамды “ізін суытпай” патрульдік полиция батальонының қызмет­керлері ұста­ды. Қазан айында сот оны кінәлі деп таныды. Үкімге сәй­кес, тонаушы түр­меге тағы үш жылға қамалды.

Криминалдық полиция басқар­ма­сының ақпараты бойынша, бұрын сотты болған адамдарды бақылау қылмыстарды қайта жасау мүмкіндігін азайтады. Өткен жылдың қоры­тындысы бойынша тонау деректе­рінің ашылуы 93,6 пайызға дейін өскен. Былтыр облыста 40 тонау дерегі тіркелді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10 фактіге аз.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp