«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Туған жерін жырлаған

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада Құнанбай Жахинның жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Өлең кешіне қолына қалам ұстаған жандар, ақынның жерлестері, туған-туыстары және жырсүйер қауым жиналды.

Шара барысында кітап авторы­ның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, жастар өлеңдерін оқы­ды. Мезгілсіз дүниеден өткен Құ­нанбай Жахинды үзеңгілес достары ұмыт қалдырмай, 60 жылдық мерей­тойына орай шығармаларын жинақ­тап, “Өмірді өлеңмен өлшегем…” атты кітаптың жарық көруіне қолдау білдірген. Жинақты құрастыруға ат­салысқан Қуаныш Жахинның айтуын­ша, мұнда автордың 200-ден ас­там өлеңі жинақталған. Олардың та­қырыбы да, жанрлық ерекшеліктері де әрқилы. Жырларының көбіне ав­тор туған жерін, айналадағы өмір құ­былыстарын, адамгершілік құнды­лықтарды арқау еткен.

– Мұндағы өлеңдерді қарап отыр­сақ Құнанбай поэзиясының не­гізгі өзегі туған жерге деген ма­хаббат екенін көреміз. Осы сезім оған қанат бітіріп, өлең әлеміне жол ашқан. Бұл жырлар жерлестерінің, жастардың туған жерге деген сүйіс­пеншілігін оята береді. Өкінішке қа­рай, оның ғұмыры қысқа болып, бар дарынын көрсете алған жоқ. Сонда да бойдағы барын беріп кетуге ты­рысып, бір сәтке де қаламын қолынан тастамағанын байқадық, – дейді кеште сөз алған жазушы, журналист Жақсыбай Самрат.

Бұдан бөлек, шара барысында қа­лалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин, ақын Марал Ос­панова, қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Мұхамедуали Испанов ақынның жақындары, ауыл­дастары жүрекжарды лебіздерін біл­дірді. Тұсауы кесілген “Өмірді өлеңмен өлшегем…” кітабы шараға кел­ген жырсүйер қауым мен кітапхана қорына сыйға тартылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp