«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жер пайдаланылмаса, салық еселенеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына орай өңірде жер заңнамасының нормаларын бұзу немесе сақтамау фактілерін анықтау бойынша нақты шаралар атқарылып жатыр. Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыра отырып, 368 тексеру жүргізді, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 544,1 мың гектарды құрады. 176,5 мың гектар егістік алқапқа, 366,9 мың гектар жайылымға 129 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 107 мың гектар егістік жер, 269,4 мың гектар жайылым бойынша 96 заң бұзушылық тіркелді.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға тарту бойынша және Жер кодексінің 92-бабына сәйкес 96 нұсқама беріліп, жалпы алаңы 7,2 мың гектар егістікте, 60,8 мың гектар жайылымда кемшіліктер жойылды. Ведомствоаралық топтармен бірлесіп, 23,6 мың гектар егістік және 260,3 мың гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазақстан заңнамасын бұза отырып берілген жалпы ауданы 17,9 мың гектар жер учаскелерін жалдау туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы соттарға 71 талап-арыз берілді, оның ішінде 13,6 мың гектар бойынша 53 талап-арыз қанағаттандырылды.

Ауыл шаруашылығы жерлері азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың негізгі ресурсы болып табылатындықтан, халықтың әл-ауқаты да соған тікелей тәуелді. Сол себепті жер ресурстарын ұтымды пайдалануды тұрақты бақылауда ұстаудың, заң бұзушылықтарға жол бермеудің маңызы зор. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тәртібі жер заңнамасында айқындалған. Сондықтан ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары жерді күтіп-ұстаудың жолдарын ұтымды түрде қарастыруы қажет. Бұл ретте жерді мақсатты пайдаланбау айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Пайдаланылмаған жер учаскесіне жер салығының 20 есеге ұлғайтылған мөлшерлемесі қолданылатынын, мұның өзі несие рәсімдеуге кедергі келтіретінін, оның ақыры сот тәртібімен мәжбүрлеп алып қоюға соқтыратынын ескерткіміз келеді.

Бақытжан БЕКІШ,

облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp