«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өзге өңірлерге үлгі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы­ның агроөнеркәсіп кешеніндегі ин­вес­тициялық жобаларды қаржы­лан­дыру жөніндегі тәжірибесін әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорация­сы ар­қылы Қазақстанның өзге өңір­леріне тарату жоспарланып отыр. Бұл ту­ралы “Атамекен” Ұлт­тық кә­сіпкер­лер палатасы, Сауда министр­лігі, сон­дай-ақ Ауыл шаруа­шы­лығы ми­нистрлігі басшылығы­ның қатысуы­мен өткен бизнес-қо­ғамдастық өкіл­дерімен кездесуде айтылды.

Ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Жеңіс Өсербайдың айтуын­ша, 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне ауыл шаруашы­лығы саласындағы инвестициялық жо­баларға жеңілдетілген несие бе­ру үшін “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіп­­керлік корпорациясының жар­ғы­лық ка­питалын толықтыруға 15 млрд. теңге бөлінген болатын. Нә­ти­жесінде қа­нат­қақты жоба өңірде 17 жа­ңа өнді­ріс ошағын ашуға мүм­кіндік берді. Оның ішінде құс фаб­рикала­ры, қой фермалары, жылы­жай ке­шендері және майлы да­қыл­дарды қай­та өң­деу кәсіпорындары салынды.

Өткен жылы әлеуметтік-кәсіпкер­лік корпорациясына 23 инвес­тициялық жобаны қаржыландыру үшін тағы 20 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат тауарлы-сүт ферма­ларын, қой, құс, шошқа өсіру, майлы дақыл­дарды өңдеу, көкөністер мен картоп өсіру үшін су құбырларын тарту және инфрақұрылымды дамытуға бері­лді.

– Екі жыл ішінде Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша 21 та­уарлы-сүт фермасы салынды. 2020 жылға дейін еліміз бойынша жыл сайын орта есеппен 2-3 тауарлы-сүт фермасы салынып келгенін ескер­ген жөн. Соның арқасында еліміз бойынша 584 мың тонна сүт немесе бар­лық сүттің 10,5 пайызы теріскей­де өндірілді, – деді Ауыл шаруа­шы­лығы вице-министрі Жеңіс Өсер­бай.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі облыстың тәжіри­бесін еліміздің басқа өңірлеріне та­рату мәселесін пысықтап жатыр. Бұл ішкі нарықты сүт өнімдерімен, құс етімен, маусымдық көкөністер­мен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге негізгі борышты өтеу бойынша 24 ай жеңілдікті кезеңмен 2,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесі­мен 10 жылға дейінгі мерзімге қарыз беру жоспарланып отырғанын атап өткен жөн.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp