«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.01.2023

ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕ

№2 түзету мектеп-интернатында есімі республика жұртшылығына жақсы таныс қоғам қайраткері, жерлесіміз Ніл Болатбаевты еске алуға арналған шара өтті. Құрметті қонақ ретінде шақырылған марқұмның ұлы Қадырбек Нілұлы әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін слайдтар мен фильмдер көрсетілді. Ніл Адғамұлының туған жері – Қа­­рағанды облысы. 1941 жылы ар­мия қатарына …

ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕ Read More »

Оқырманға тарту

С.Мұқанов атындағы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қоры тағы мың кітаппен толықты. Руха­ният ордасында арнайы көрме ұйымдастырылып, жаңа жинақтар оқырманға таныстырылды. Кітаптар қорға мемелекет­аралық гуманитарлық әріптестік қоры аясында әкелініпті. Олар­дың көбі “Орта білім беру ұйым­дарына”, “Кәсіби техникалық бі­лім”, “ЖОО-ларға арналған оқу­лықтар” жобаларының аясында жарық көрген. “100 жаңа оқулық” аясында ғылымға құмар оқыр­мандар гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік еңбектерді …

Оқырманға тарту Read More »

Бизнес-лагерь жеңімпаздары

“Enactus Kazakhstan “Winter camp 2023” көшбасшылық және кәсіпкерлік мобильді мектебінің 13-ші маусымы еліміздің түкпір-түкпіріндегі қатысушылардың басын қосты. Шара Алматы облысындағы “Тау Тұран” оқу-сауықтыру кешенінде өтті. Лагерге еліміздің 18 жоғары оқу орны мен колледждерінің білім алушылары барды, олардың қатарында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “Enactus Kozybayev” командасы да бар. 10-15 қаңтар аралығында олар қаржылық сауаттылық …

Бизнес-лагерь жеңімпаздары Read More »

Жоғалған жылқыларын тауып берді

Кешке қарай Қызылжар ауданы­ның Малое Белое ауылындағы үй­лердің бірінің ауласынан екі бие қа­шып кеткен. Иесі малдарын өзі іздегенімен еш нәтиже шықпап­ты. Таңертең ауыл тұрғыны учаске­лік инспектор Аман Байтеңізовке жү­гінеді. Ол көршілес ауылдық ок­ругтегі әріптесі Қайыртай Нұрға­лиев­пен бірге қызметтік “Нива” жеңіл кө­лігімен шығып, ауылдан 5 шақырым жерде орман ішінде жүрген жылқы­ларды тауып алған. Тәртіп сақшы­ла­рының жұмысына …

Жоғалған жылқыларын тауып берді Read More »

Жүргізуші куәлігінен айырылды

Облыс аумағында бес күн ішінде 24 жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Олардың барлығын полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы бары­сында ұстады. Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында полицейлер құ­жаттарын тексеру мақсатымен 20 жастағы жергілікті тұрғын басқарып келе жатқан “Mazda” автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің сырт келбеті мен іс-қимылы күмәнді көрінді. Тәр­тіп сақшылары оған ме­дициналық тексеруден өтуді …

Жүргізуші куәлігінен айырылды Read More »

Мобильді қосымшаның мүмкіндіктері

“SOS” батырмасы, аудио және бей­­неқоңырау шалу, фотосуреттер мен бейнежазбалар, дыбыстық ха­барламалар, мәтіндер жіберу – бұ­лар­­дың барлығы ұялы телефон­дар­ға арналған “102” мобильді қо­сым­ша­сының мүмкіндіктері болып та­бы­лады. Оны “PlayMarket” неме­се “App­­Store” дүкендерінен жүктеп алу­ға болады. Қосымша полиция­мен кез келген ыңғайлы форматта бай­ла­ны­суға, заң бұзушылық тура­лы ха­бар­лауға, кеңес алуға мүм­кін­дік бе­реді. Тұрған жерін білмей қо­ңырау шал­ған адамның нақты …

Мобильді қосымшаның мүмкіндіктері Read More »

АУДАН АУРУХАНАЛАРЫНА – ЖАҢА КӨЛІКТЕР

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы бірқатар медициналық мекемелерде болып, ондағы оң өзгерістермен, түйткілді мәселелермен танысты. Ең алдымен өңір басшысы кардиологиялық орталыққа ат басын бұрды. Орталық соңғы жылдары жаңа қондырғылармен толығып, қызмет көрсету аясы кеңейген. Бүгінде мұнда күніне 20-ға жуық ота жасалады. Орталыққа өңір бойынша баламасы жоқ аппараттар қойылған. Олардың көмегімен жүрегі сыр берген науқастарды да …

АУДАН АУРУХАНАЛАРЫНА – ЖАҢА КӨЛІКТЕР Read More »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесі

Құрметті отандастар! Мен Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойдым. Депутаттарға белсенді әрі жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысты. Олар сайлаушылармен жиі кездесу өткізді. Шалғайдағы елді мекендерге барды. Сондай-ақ жұртты толғандырған өзекті мәселелерді …

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесі Read More »