«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Мобильді қосымшаның мүмкіндіктері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“SOS” батырмасы, аудио және бей­­неқоңырау шалу, фотосуреттер мен бейнежазбалар, дыбыстық ха­барламалар, мәтіндер жіберу – бұ­лар­­дың барлығы ұялы телефон­дар­ға арналған “102” мобильді қо­сым­ша­сының мүмкіндіктері болып та­бы­лады. Оны “PlayMarket” неме­се “App­­Store” дүкендерінен жүктеп алу­ға болады. Қосымша полиция­мен кез келген ыңғайлы форматта бай­ла­ны­суға, заң бұзушылық тура­лы ха­бар­лауға, кеңес алуға мүм­кін­дік бе­реді. Тұрған жерін білмей қо­ңырау шал­ған адамның нақты қай ме­кен­жай­да орналасқанын поли­ция қосым­­­ша­дағы геолокация ар­қылы біледі.

Өтініштер автоматты түрде тір­келеді. Кейін қоңырау шалған адам­ға қабылданған шаралар туралы ха­барлама келеді. Өткен жылы петро­павлдықтар “102” қосымшасын 219 рет пайдаланған, 163 жағдайда ке­ліп түскен ақпарат расталды, құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Негі­зінен өтініштер жол жүрісі қағида­ларын бұзуға қатысты болды. Көп­теген адамдар мәтіндік хабарла­маларды жіберуді таңдайды.

“Азаматтардың хабарлама­ларын қабылдау үрдісінің бірізділігі” жо­басын Ішкі істер министрлігі “Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаты шеңберінде іске асыруда.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp