«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоғалған жылқыларын тауып берді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кешке қарай Қызылжар ауданы­ның Малое Белое ауылындағы үй­лердің бірінің ауласынан екі бие қа­шып кеткен. Иесі малдарын өзі іздегенімен еш нәтиже шықпап­ты. Таңертең ауыл тұрғыны учаске­лік инспектор Аман Байтеңізовке жү­гінеді. Ол көршілес ауылдық ок­ругтегі әріптесі Қайыртай Нұрға­лиев­пен бірге қызметтік “Нива” жеңіл кө­лігімен шығып, ауылдан 5 шақырым жерде орман ішінде жүрген жылқы­ларды тауып алған. Тәртіп сақшы­ла­рының жұмысына риза болған ауылдықтар “Instagram” әлеуметтік желісінде оларға алғыстарын білдірді.

Аман Байтеңізов Асаново ауыл­дық округінде екі жыл қызмет атқа­рып келеді. Округ құрамына бес ауыл кіреді. Елді мекен тұрғындары ауылдағы тәртіпті қадағалап жүрген учаскелік инспектордың жұмысына дән риза.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp