«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқырманға тарту

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қоры тағы мың кітаппен толықты. Руха­ният ордасында арнайы көрме ұйымдастырылып, жаңа жинақтар оқырманға таныстырылды.

Кітаптар қорға мемелекет­аралық гуманитарлық әріптестік қоры аясында әкелініпті. Олар­дың көбі “Орта білім беру ұйым­дарына”, “Кәсіби техникалық бі­лім”, “ЖОО-ларға арналған оқу­лықтар” жобаларының аясында жарық көрген. “100 жаңа оқулық” аясында ғылымға құмар оқыр­мандар гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік еңбектерді ана тілімізде оқи алады. Сонымен қатар тіл үйренушілерге араб, қытай, түрік, ағылшын тілдерін тү­сінуге мүмкіндік беретін топта­малар да бар. Үлкен көрменің бір бөлігін қазақ қаламгерлерінің туындылары алып жатыр. Олар­дың ішінде тәуелсіздік жылда­рындағы әдебиеттің үлесі басым. Балаларға арналған түрлі ертегі, комикстер де аз емес.

Жаңа туындылардың біраз бө­лігі кәсіп бастаушыларға, өз биз­несін дамытушыларға арналған. Тұлғалық даму жолын таңдаған­дарға арналып, түрлі бағыттағы психологиялық әдебиеттер де көптеп жеткізіліпті.

Мұндай көрмелер кітапхана қабырғасында әр тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Кітапхана қыз­меткерлері: “Оқырман назарына ұсынылған мың кітаптың әрқай­сысы туралы айтып жату мүмкін емес, ең дұрысы тұрғындар жаңа әдебиеттерді өздері келіп та­машалағаны жөн”, – дейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp